Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актриса желідегі парақшасында көпке бұл жаңалықты жылдар бойы армандағанын жасырмады.
"Мен бұл туралы біраз жал армандадым. Үміттендім. Жаратқаннан жалынып сұрадым", - деп бастады актриса жазбасын.
Желі қолданушылары актрисаның аяғы ауыр деп топшылады. "Жүктісіз", "Аяғыңыз ауыр шығар", "Бөпелі боласыз" деп жарыса жазды олар.
Алайда, актриса ата-анасының Меккеден аман-есен оралғанын жеткізді. Өнер иесі көп жылдар бойы осыны армандағанын әрі ата-анасына қажылық сапарда қатты алаңдағанын атап өтті.