Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші өз ойын желідегі парақшасында айтқан.
“Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайық. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс не бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Бәрінің өз уақыты мен орны бар. Мен өмірілік тәжірибеме разымын және оны бар күйінде қабылдаймын. Расында, Жаратқанның жоспары біздің жоспарымыздан әлдеқайда қайырлы болып шықты”, – деген ол.