Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол федерацияның ресми YouTube арнасына берген сұхбатында жиі сынға ұшырайтын жасы мен тәжірибесі туралы өз көзқарасын айтты.
"Ең біріншіден, бұл қызмет мен үшін мәртебе және үлкен жауапкершілік. Оны Азия чемпионатында қатты сезіндім. Бірақ, өзімізге сенемін. Мен жалғыз емеспін, қасымда тәжірибелі жаттықтырушылар бар. Өз көзқарасым мен тәжірибем де бар. 20 жылдан бері күресте жүр екенмін. Өмірімде күрсетен басқа ештеңемен айналысып көрмегем. Қаншама жаттықтырушылардың тәлім-тәрбиесін көрдім. Сол кісілердің берген білімдері есімде. Өз көзқарасымды қосып, жаңа буын шығарсақ өте жақсы болады. Балуандар өте тәрбиелі, жақсы. Барлығы тыңдайды. Ұлттық құрама капитаны Азамат Дәулетбеков екеуміз бірге өскенбіз. Дегенмен, бізде ол жағынан қиындықтар жоқ. Жаттықтырушылар арасында да спортшы кезімдегі қарсыластарым бар. Бірақ, мақсат ортақ болғаннан кейін жақсы қарым-қатынастамыз, сыйласамыз", - дейді ол.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлерінің ешқайсысы финалға шыға алмаған еді. Нәтижесінде федерация басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы жанкүйерлер мен спорт сарапшылары тарапынан қатты сынға ұшырады.