2026 жылғы Олимпиада: Қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесін ұсынамыз.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың мұз айдынына шығуы жарыс күнінің басты оқиғаларының бірі болмақ. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталады.

Спорт түрі: Шаңғы жарысы, жеке уақыт бойынша жарыс (ерлер)

Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков

Басталу уақыты: 15:45

Спорт түрі: Биатлон, спринт (ерлер)

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов

Басталу уақыты: 18:00

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер)

Қатысушы: Михаил Шайдоров

Басталу уақыты: 23:00