Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
ҰОК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 9 ақпанда отандастарымыз конькимен жүгіру және шаңғымен тұғырдан секіру жарыстарында бақ сынайды.
Спорт түрі: Конькимен жүгіру, 1000 метр (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева
Басталу уақыты: 21:30
Спорт түрі: Шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев
Басталу уақыты: 23:00
Айта кетейік, конькимен жүгіру спортында дәл осы күні медальдар сарапқа салынады. Ал шаңғымен тұғырдан секіру жарысында үздік 30 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.