“66 миллион теңге”: Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен боксшылар мен олардың бапкерлері қанша сыйақы алады

Бұл туралы спорт журналисі Аслан Каженов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен боксшыларға берілетін төлемнің жалпы құны 122 000 долларды құрайды.

“Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында он жүлдеге іліккен боксшыларымыз мемлекет тарапынан қомақты сыйақы иеленеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, чемпион — 15 000 доллар, күміс жүлдегер — 7 000 доллар, қола жүлдегер — 5 000 доллар алады. Осылайша, жалпы төлем көлемі 122 000 долларды (65,9 миллион теңге) құрайды. Сонымен қатар, боксшылардың бапкерлері де қаржылай марапатталады: шәкірті «алтын» алса — 10 000 доллар, «күміс» үшін — 5 000 доллар, «қола» үшін — 3 000 доллар беріледі”, - деп жазды ол.