Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.

Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.