Аида Әбікеева әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта Лука Хаморимен (Венгрия) жұдырықтасты.

Венгриялық спортшы бірінші раундта басым түсті. Бірақ Аида Әбікеева қалған екі раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.