Caravan Logo

Александр Бублик Madrid Open турнирінің 1/8 финалына өтті

Александр Бублик Madrid Open турнирінің 1/8 финалына өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бублик беделді турнирдің 1/16 финалында әлемнің 8-ракеткасы Андрей Рублевпен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 0:6, 6:4 есебімен үш сетте жеңді.

Бублик енді 1/8 финалда америкалық Бен Шелтон мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.