Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қуанышты жаңалықпен Ризабектің жары Фируза Instagram stories-те бөлісті. Ол перзентханадан шыққан сәттерінен фото жариялады. Спортшылар жанұясында қыз бала дүниеге келген.
Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы. Ол 2023 жылы бір жыл ішінде үш бірдей жас санатында әлем чемпионы атанып, ел спортының тарихына енді. Ал 2024 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінді.