"Ананы-мынаны тықпалағанды қою керек": Танымал спорт сарапшысы қазақ боксындағы былық туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Тәртіп бар жерде жеңіс бар, өзбектердің қазіргі жетістігі бірінші кезекте тәртіп пен бірліктің арқасы. Мына көріністі қараңызшы, өзбек боксшысы есіргені сол еді, сабасына түсірді бас бапкер. Осындай темірдей тәртіптің арқасында былтыр олимпиадада көзімізше бес алтынды алды.

Ал бізде өкінішке орай тәртіп те жоқ, ешкім басынан сөз асырмайды едіреңдеп, бірлік мүлдем жоқ. Әйтпесе әлемдік бокс ұйымын басқарып отырып, әлі де біресе төрешіден, біресе бапкерлер бәсекесінен ұтылып жатырмыз.

Федерация басшысына өкпе жоқ, аспаннан алтын жаудырса да, тәртіп пен бірлік болмайынша нәтиже болмайды. Басшылар да ананы бір, мынаны бір тықпалағанды қою керек, бас бапкер және команда бапкерлері ақылдасып өздері шешуі керек.

Сендердің абыройларың мен "призовой 250 мың долларлардан" елдің абыройы биік болуы керек", - деп жазды журналист.