Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Данилина мен Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы - Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп - Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі. Бұл жұп Франция ашық чемпионатында бірінші нөмірмен тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалға қазақстандық теннисші Александр Бублик те өткен болатын.