Азия ойындары: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Шаршы алаңдағы бәсекелер 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Кейбір салмақ дәрежелерінде қазақстандық боксшылар жарысты келесі кезеңнен бастап, тиісті жұптардың жеңімпаздарымен кездеседі.

Ерлер:

55 келі — Махмұд Сабырхан Мохаммед Каземи (Иран) мен Чон Со (Солтүстік Корея) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

60 келі — Оразбек Асылкұлов Джун Лин (Қытай Тайбэйі) мен Дон Джанг (Оңтүстік Корея) арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы шығады.

70 келі — Төрехан Сабырхан Нгуиен Д. (Вьетнам) пен Мохаммед Дбичи (Катар) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.

80 келі — Сабыржан Аққалықов Ким Минспен (Оңтүстік Корея) кездеседі.

90 келі — Нұрбек Оралбай Мохаммед Нууриге (Ауғанстан) қарсы шығады.

90+ — Айбек Оралбай жарысты 1/4 финалдан бастайды. Мырзакир Қошалиев (Қырғызстан) пен Довлен Исламов (Түрікменстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Әйелдер:

51 келі — Алуа Балқыбекова Сакши (Үндістан) мен Виллегас (Филиппин) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

54 келі — Назым Қызайбай Ксуа Жаоға (Қытай) қарсы шығады.

60 келі — Виктория Графеева Линь Юй-Тиньмен (Қытай Тайбэйі) кездеседі.

65 келі — Аида Әбікеева Таманг (Непал) пен Ли Шу (Қытай) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.

75 келі — Наталья Богданова Азиза Зокироваға (Өзбекстан) қарсы өнер көрсетеді.

Осылайша, Қазақстан Азия ойындарының бокс турнирінде барлық 11 салмақ дәрежесінде бақ сынайда.

Айта кетейік, Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Оның төртеуі — алтын, екеуі — қола.

Алтын медальдарды велошабандоздар Алексей Луценко мен Рината Сұлтанова, сондай-ақ каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева иеленді. Қола жүлдеге триатлоншы Арлан Жанабай және қазіргі бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы — Темірлан Абдраимов, Тихон Варехин, Лев Чувашов пен Кирилл Стадник қол жеткізді.

Азия ойындарының алғашқы күнінен кейін Қазақстан жалпыкомандалық медальдар кестесінде үшінші орында тұр. Көш басында — 11 алтын, 6 күміс және 3 қола медалі бар Қытай. Екінші орында Жапония (6 алтын, 6 күміс, 7 қола).