Балуан Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Қазыбек Венгрия өкілі Петр Житовозды 7:5 есебімен жеңді. Оның финалдағы қарсыласы – Беларусь өкілі Михаил Марковский болмақ.

Шешуші белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебұлан Анапия Иран өкілі Амир Саеди Навадан жеңіліп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтаған еді.