Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бапкерлікті де қолға алғанын мәлімдеді.
«Жуырда «Әбиба» дзюдо клубы ашылады. Менің клубымның жаттықтырушысы Асылбек Шаханов және өзім боламын. Оқу-жаттығуларымның көбі Астана қаласында өтетіндіктен, жиі барып тұрамын. Өз оқушыларыма тәжірибелеріммен бөлісіп, білгенімнің бәрін үйретемін. Олардың чемпион болуына бар күшімді саламын. 6-17 жастағы қыз-ұл балаларды қабылдаймыз», – дейді ол.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова – әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының жүлдегері. Ол 2022, 2024 жылдары өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иеленген еді. Ал, биыл Будапеште өткен әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова 48 келіде күміс медаль алды. Ол финалда италиялық Ассунта Скуттодан жеңілді.