Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Зілтемірші Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне кірісті. Қуанышты хабармен алғашқылардың бірі болып спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Базарда жүрген еді!
Жазираның жауапты жұмысқа кіріскенін көріп, қуанып отырмын. Яғни, ол Шымкент қаласы бойынша ауыр атлетика федерациясының вице-президенті. Осыдан жарты жыл бұрын базарда сауда жасап жүргенін естіп едім. Қазір спортқа жауапты министрлік сала ардагерлерін жіті назарға ала бастады. Соның бір көрінісі - батыр қыздың қызметке тағайындалуы. Шыны керек, о баста оның мәселесін әріптесім Нұрсейіт Жылқышыбай көтерген. Кейін құзырлы ведмоство басшылары мен ауыр атлетика федерациясының президенті қол ұшын созыпты. Жазираның берері көп екеніне сенімдімін. Әсіресе, жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесімен бөліседі. Небір чемпиондардың шығуына ықпал етеді. Жалпы Жазира допинг дауына ілікпей, таза өз еңбегімен олимпиада биігін бағындырған қазақ қызы. Енді алдағы жұмысына да сәттілік тілейміз! Керемет жаңалық!", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира Жаппарқұлға қосымшы кәсіп ашқаны үшін өзі жұмыс істеп жүрген спорт мектебінде қысым көрсеткені туралы ақпарат тараған еді.