Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жапониялық Ицуки Енасироны жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.

Асамбек алтын жүлде үшін өтетін айқаста АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездеседі.

Айта кетейік, финал бүгін, 21 тамызда өтеді.