"Бес жасқа кіші": Әбиба Әбужақынованың күйеуі кім екені белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дзюдошы бірер күн бұрын сүйіктісі жасаған ұсынысты қабыл алғанын мәлімдеген еді. Ал бүгін, 26 наурызда әлеуметтік желідегі парақшасында сырғалым атанған сәтін жариялады.

"Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда 2028 жылғы жазғы Олимпиада", — деп жазды ол.

Спортшының жанкүйерлері мен желі қолданушылары жас жұбайларға ізгі тілектерін жарыса жазуда.

"Құтты болсын, Олимпиада чемпиондары дүниеге келе берсін", "Ермахан Абиба бақытты болыңдар, Олимп шыңын бірге бағындырыңдар", "Батыр қыз, бақытты бол", "Абай облысының келіні болдың, жарайсың", - деп жазды олар.

Әбиба Әбужақынованың болашақ жары – дзюдошы Ермахан Ануарбеков екені белгілі болды. Ермахан Әбибадан бес жасқа кіші. Әбиба 1997 жылы дүниеге келген болса, Ермахан 2002 жылы туған. Ол - Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, ел чемпионы және дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. 24 жастағы дзюдошы Абай облысының намысын қорғап жүр.