”Бірінші нөмірдің бәрі қатысады”: Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Азия ойындарына іріктеудің қалай өтетінін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Аслан Қаженовке берген сұхбатында Индонезияда өтетін Азия чемпионатының нәтижесімен Азия ойындарына баратын спортшылар іріктелетінін айтты.

”2026 каратэ үшін ауыр жылдың бірі. Бізде Олимпиада болмағаннан кейін, ең үлкен жарысымыз - Азия ойындары. Бірінші оқу-жатығу жиынымыз 28-ші қаңтарда басталады. Екі этапқа бөлдік. Біріншісі - Азия чемпионаты. Оған бірінші нөмірлердің бәрі қатысады. Кім формада, кім жақсы нәтиже көрсетеді соларды Азия чемпионатына апарамыз. Сол жарыстан Азия ойындарына баратындарды іріктейміз. Кім мықты сол барады”, - дейді ол.

Сондай-ақ, бас бапкер журналистің “менің балам жарысқа қатысу керек дегендер болды ма” деген сұрағына да жауап берді.

”Ересектер арасына жаттықтырушы болып келген кезде болды. Жаттықтырушылардың маған деген дұрыс емес көзқарасы болды. Бірақ, “мынау барады” деген жоқ деп түсіндірдім. Қазір олар түсінді”, - дейді бас бапкер.

Ұлттық құраманың тізгінін бір жыл бұрын алған Дархан Асаділов Азия ойындарында кемі үш алтынға үмітті екенін де жасырмады.

”Өткен жылы сегіз спортшы қатысса, биыл алты спортшыға квота беріп тұр. Сол алты спортшымызбен жоқ дегенде үш алтынымызды алып келеміз. Қыз-жігіттердің әлеуеті жетеді”, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтеді.