Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді.

Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз ақтық сынға өтті.

Айта кетейік, бүгін, кешкі сессияда 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.