Боксшылар елге қашан оралады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Осы ретте Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың үш рейспен оралатынын мәлімдеді. Англиядағы байрақты бәсекеден қайтқан спортшылар Астана, Алматы және Түркістан қалаларына бағыт алады. Рейстердің нөмірі мен келетін уақыты мынадай:

Әйелдер құрамасы
Алматы қаласы
16 қыркүйек 03:35
Рейс TK 350

Ерлер құрамасы
Астана қаласы
16 қыркүйек 07:35
Рейс TK 356

Сабырхандар
Түркістан қаласы
16 қыркүйек 07:35
Рейс ТК 256

Бұған дейін Қазақстан құрамасының әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғаны туралы жазған едік.