”Бокстан ӘЧ”: Бүгін ұлттық құрамадағы жасы ең үлкен боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бүгін, яғни 8 желтоқсан күні байрақты бәсекеде ел намысын жеті боксшымыз қорғайды. Олардың арасында Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, Азия және әлем чемпионы, 37 жастағы Теміртас Жүсіпов те бар.

Күндізгі сессия

Күндізгі сессиядағы жекпе-жектер 18:00-де басталады.

Санатәлі Төлтаев(67кг) - Касио Сантос Оливьера(Бразилия)

Ерасыл Жақпеков (80 кг) - Джамбулат Бижамов(Ресей)

Нурмугамед Юсупов (92кг) - Энмануль Рейес (Испания)

Нұрлан Сапарбай (92+) - Иман Рамизанпурделвар (IBA-PRO)

Кешкі сессия

Әлем біріншілігінің кешкі сессиядағы кездесулері 22:00-де басталады.

Теміртас Жүсіпов (48 кг) - Девендра Сингх Саланди (Үндістан)

Сабыржан Аққалықов (75 кг) - Таухиримати Тохерри-Халлит (Жаңа Зеландия)

Серік Теміржанов (60 кг) - Эндрю Чилата (Замбия)

Халықаралық бокс ассоциациясы ұйымдастырған әлем чемпионаты 3-13 желтоқсан аралығында өтеді.