Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құрлықтық турнирдің іріктеу кезеңдері аяқталып, енді ширек финалдық бәсекелер басталды. 4 желтоқсанда ұлттық құрамадан төрт боксшы шаршы алаңға шығады:
-48 келі: Әйгерім Сәттібаева - Офелия Магно (Филиппин)
-54 келі: Сымбат Әлиасқар - Вэньцань Сюй (Қытай)
-67 келі: Дулат Бекбауов - Ариф Айман Мұхаммед (Малайзия)
-71 келі: Абылайхан Жүсіпов - Байрамдурды Нұрмұхамедов (Түрікменстан)
Айта кетейік, 75 келі салмақта Диас Молжігітов жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы турнирден шығып қалуына байланысты Диас тікелей 1/2 финалға өтіп, Азия чемпионатының медалін иеленді.