Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына жолдама алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль үшін бақ сынайды.

Жекелей сында өткен жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Кон Джон Суинді жеңді.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:17, 21:18).

Шешуші кезеңде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданмен кездеседі.