Дзюдодан Венгриядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Аталған бәсекеде ел намысын 15 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың толық тізімі келесідей:

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан

66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов

73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан

81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов

100 келіге дейін: Асқар Біржанов

100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы

Әйелдер

48 келіге дейін: Диана Бүркеева

78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.