Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

66 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қазақстандық балуан Оңтүстік Корея өкілі Ким Чан Ёнға есе жіберген болатын.

Соған қарамастан, спортшы құрлық біріншілігінің жүлдесіне таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Жұбаныш кезеңінде Серікбаев Моңғолия өкілі Ёлка Казирбыйекті жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Үшінші орын үшін өтетін белдесуде оның қарсыласы кейінірек анықталады.