Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Болгарияның Самоков қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жерлесіміз 125 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.

Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.