Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді

Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Матч 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Рыбакина 5 рет эйс жасап, 11 брейк-пойнттың тек біреуін пайдалана алды.

Қазақстандық теннисші Miami Open турнирінің финалында ойнағаны үшін 650 ұпай алады. Жаңарған әлемдік рейтинг кестесінде Елена 4-орында қалады.