Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Әлемнің екінші ракеткасы 1/8 финалда Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездесті.
Екі сетке созылған кездесуде Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.