Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, енді отандық спортшылардың шетел асып дайындалуға мәжбүр болатынын айтты.
"Биіктікте базамыз жоқ!
Әңгіме жаттығу жиындарын пысықтауға арналған база жайында. 1700 метр биіктік деген түсінік бар. Бұл қажетті жүктемені алуға қажетті ғылыми дәлелденген биіктік. Бұған дейін бәрі Алматыдағы “Ақбұлақ” олимпиалық орталығына баратын. Оны футболға беріп тастапты. Қалған базалар әбден ескірген және тиісті талаптарға сай емес. Сәйкесінше, енді бокс болсын, күрес болсын, дзюдо болсын, барлық олимпиадалық спорт өкілдері шетелді жағалайды. Ең жақыны Қырғызстан мен Өзбекстанда. Сәйкесінше, ақшамыз да сол жақтарға шашылады деген сөз. Кең байтақ қазақ жерінде бір заманиу базаның болмауы ұят. Оның үстіне жыл сайын спортқа 775 млн доллар жұмсалатыны жарияланды. Осындай әлеуетіміз бола тұра, шетел асуға мәжбүрміз. Мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, бір база қажет. Өте қажет. Мыңдаған спортшыны ары-бері тентіретпей, осы мәселені реттеу керек еді. Керісінше, бүкіл әлем бізге ағылатындай жағдай жасауға болады. Ол және табыс та әкеледі. Соғұрлым миллиадтар кетіп жатыр ғой. Осындай отандық спортқа қажетті әрі болашақта қазақ қыз-жігіттеріне қызмет ететін инфрақұрылым салу қолымыздан келеді. Әрине, ниет болса. Ойлатын өзекті проблема…", - деп жазды ол.
Бұған дейін қысқы олимпиададан бір ғана медаль алуымыз мүмкін екенін жазған едік.