Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жиынға еліміздің әр өңірінен 80 балуан қатысып жатыр. Олардың дені құраманың негізгі спортшылары, ел чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жас балуандар.
"Aлғашқы жаттығулардың біріне Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы пен спорт директоры Жандос Сайқанов қатысып, балуандарға бапкерлер алқасын таныстырған.
Осылайша еркін күрестен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы толық жасақталды.
Бас жаттықтырушы - Данияр Қайсанов
Аға жаттықтырушы - Аслан Байгулов
Жаттықтырушы - Нұрлан Бекжанов
Жаттықтырушы - Жігер Зәкіров
Жаттықтырушы - Камал Гаджимагомедов", - делінген федерация мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін спорт журналисі Аслан Қаженовтың еркін күрестен ұлттық құрамаға бірде-бір шәкірт тәрбиелемеген Данияр Қайсановтың бас бапкер болып тағайындалғанын қатаң сынағаны туралы жазған едік.