“Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен”: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ол үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында қазақстандықтарды бәс тікпеуге шақырды. 

“Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!”, – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, аталмыш жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу бәске тігіліп отыр. Олар: WBO, IBF және WBА.