Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Демеу Жадыраев қола медаль үшін бақ сынайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресетін болады.

Жұбаныш белдесуінде Жадраев украиналық Игорь Бычковты 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді отандасымыз венгриялық балуан Роберт Фричпен қола медальді сарапқа салады.