Эсмигүл Коюлова мен Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

63 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Эсмигүл Куюлова Оңтүстік Корея өкілі Ё Джи Кимнен басым түсті. Енді финалға шығу үшін ол Солтүстік Корея спортшысы Джи Хье Киммен белдеседі.

Ал 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әділет Алмат ширек финалда отандасы Абылайхан Жұбаназарды жеңді. Оның келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Жұбаныш белдесулеріне Дана Әбдірова (57 келіге дейін) мен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) қатысады.