"Қайрат" – "Брюгге": Матчқа нақты болжам айтылды

Матч Астанадағы "Астана Аренада" өтеді. Кездесу 20:30-да басталады. Ойын "Qazaqstan" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қайрат"

Өз алаңында ойнайтын команда Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тіркеуді көздеп отырғаны сөзсіз. Маусым барысында халықаралық тәжірибе жинаған "Қайрат" жалпы кезеңде алты турдан кейін бар болғаны бір ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы, яғни 36-шы орнында тұр. Дегенмен, соңғы үш ойында команда тек бір доп айырмасымен ұтылды. Кипрлік "Пафоспен" өткен тең ойнын да жанкүйерлерге үміт сыйлаған еді.

Соңғы ресми матчты алматылықтар 9 желтоқсанда өткізіп, грекиялық "Олимпиакосқа" 0:1 есебімен есе жіберді. Содан бері команда ресми кездесуге шыққан жоқ. Қазақстан чемпионаты қазан айының соңында аяқталды. Айта кетейік, "Қайрат" ел біріншілігінде қатарынан екінші рет, ал жалпы бесінші мәрте чемпион атанды.

"Брюгге"

"Брюгге" — Бельгияның ең мықты клубтарының бірі әрі Чемпиондар лигасында үлкен тәжірибесі бар команда. Алайда жаңа жылды бельгиялықтар сәтсіз бастады. Алдымен Бельгия Кубогында "Шарлеруадан" ұтылып, турнирден шығып қалса, кейін өз алаңында турнир кестесінде төменгі орындағы "Ла Лувирьеге" күтпеген жерден жол берді.

Чемпиондар лигасында "Брюггенің" алты турдың нәтижесінде төрт ұпайы бар. Плей-оффқа шығу мүмкіндігі өте төмен. Команда жалпы кестеде 30-орында келе жатыр. Айта кетейік, бельгиялықтар Чемпиондар лигасының биылғы маусымында сырт алаңда өткен үш ойында да жеңілген.

Букмекерлер пікірі

Бүгінгі ойында букмекерлік кеңселер "Қайратқа" сенімсіздік танытып отыр:
«Қайрат» жеңісі — 4.90 (шамамен 20%)
Тең ойын — 4.40 (23%)
«Брюгге» жеңісі — 1.57 (57%)

Ал «Қайрат» жеңілмейді (1Х) деген нұсқа 2.40 коэффициентімен бағаланған.

Матчқа болжам

Кездесуде көп гол соғылады деп күту қиын. "Қайрат" бір айдан астам уақыт ресми матч өткізген жоқ. "Брюгге" де жаңа жылдық үзілістен енді ғана шықты. Дегенмен, екі команда да жеңіске ұмтылатыны сөзсіз. Бүгін футбол жанкүйерлерін тартысты ойын күтуде. Алаңдағы әрбір сәт шешуші болуы болуы мүмкін.