Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз грекиялық Панагета Кузилуды айқын басымдықпен, 5:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында 4-14 қыркүйек аралығында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.