Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын Латвияға қарсы өткізді.

Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Буллит сериясында қарсылас команда басым түсті.

Қазақстан – Латвия 2:3 (буллит бойынша)

(1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 – 06:25 – Зубкова (Куценко, Мескини)

1:1 – 50:05 – Силияне (Рулле)

2:1 – 52:54 – Шегай (Молдабай, Оразбаева) – артық құрамдағы гол

2:2 – 53:53 – Таубе (Рулле)

2:3 – 65:00 – Рулле (буллит)

Келесі ойынын Қазақстан құрамасы Нидерландқа қарсы өткізеді. Матч 13 сәуірге жоспарланған.