Қазақстан таеквондодан Пәкістандағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандастарымыз аталған турнирде екі мәрте жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, халықаралық турнир 20 тамызға дейін жалғасады.