Қазақстан триатлоннан Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Триатлоннан әлемдік серияның кезекті кезеңі Қытайдың Вэйхай қаласында өтеді.

Халықаралық жарысқа қатысушылардың алдын ала тізіміне Қазақстан құрамасының екі спортшысы енді.

Жарыста ел намысын Арлан Жаңабай мен Аян Бейсенбаев қорғайды.