Қазақстандық ауыр атлет Азия рекордын жаңартты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшы 65 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келі (129+152) көтеріп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшының екі нәтижесі де U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.