Қазақстандық дзюдошылар Өзбекстандағы турнирдің алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан атынан төрт дзюдошы татамиге шықты. Алайда олардың барлығы алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин бахрейндік Руслан Полторацкийге есе жіберсе, Талғат Орынбасар өзбекстандық Камоллидин Бахтиеровтен ұтылды.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов бақ сынады. Серікбаев өзбекстандық Бобур Ваджиевке есе жіберсе, Жұбатқанов бразилиялық Рональд Лимаға жол берді.