Қазақстандық гимнастар әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионатының жекелей сайыстарының іріктеу кезеңі аяқталды.

Қазақстандық гимнастар көпсайыс бойынша финалға жолдама ала алмады. Айым Мейіржанова іріктеуді 25-орынмен аяқтады. Айбота Ертайқызы 34-орынды иеленді.

Бұл бағдарлама бойынша әлем чемпионатының финалына 18 гимнаст шықты. Іріктеу нәтижесі бойынша үздік үштікке Дарья Варфоломеев (Германия), Таисия Онофрийчук (Украина) және Стилиана Николова (Болгария) енді.