Қазақстандық гимнастар Мысырдағы әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екі медаль да ат үстіндегі жаттығуларда еншіленді.

Зейнолла Ыдырысов финалда 14,566 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.

Нариман Курбанов дәл осы бағдарламада 14,566 ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, қола медаль иеленді.

Алтын жүлдені 14,800 ұпай жинаған армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды.