Қазақстандық "классиктер" U20 әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы бұл додада бір медаль жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль иеленіп, өз салмағында үздік атанды.

Медальдар есебінде Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иеленді. Әзірбайжан екінші орынға ие болды (1 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үшінші орынды Армения мен Өзбекстан бөлісті. Олардың еншісінде бір алтын, бір күміс және екі қола медальдан бар.