Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

55 келі салмақтағы Айбек Айтбеков турнир барысында Испания мен Грузия балуандарын айқын басымдықпен жеңді. Алайда, жартылай финалда америкалық қарсыласына айла көрсете алмай, кіші финалда күресу мүмкіндігін алды.  

87 келідегі Темірлан Тұрдыақын да қолаға күреседі. Темірлан Түркия және Жапония балуандарын жеңді, алайда, жартылай финалда әзербайжандық қарсыласына есе  жіберді. 

Екі спортшымыз да бүгін кіші финалда бақ сынайды.