Қазақстандық парадзюдошы Ерғали Шәмей алтынға таласады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Парадзюдодан әлем және Азия ойындарының чемпионы Ерғали Шәмей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық кездесуде Германия спортшысы Ленарт Сассты 10:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық балуан бастапқы белдесуінде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, франциялық Арминдо Родригесті таза ұтты — 10:0.

Тағы бір қазақстандық Даяна Федосова J2 санатында 57 келіге дейінгі салмақта сенсация жасап, Паралимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионатында күміс алған бразилиялық Люсия Тейшейра Араужо да Сильваны қапы қалдырды — 10:0.

Дегенмен ол жартылай финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері, жапониялық Дзюнко Хиросэге есе жіберді. Сөйтіп Даяна қола жүлде үшін түркиялық Донду Есильюртпен күреседі. 

Финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 19.00-ге жоспарланған.