Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Теннис федерациясының мәлімдеуінше, финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Хао Чин Чань (Тайбэй)/Синью Янь (Қытай) жұбын 7:6(7:3), 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша,  Анна жұптық сайыста WTA турнирлерінде 14 рет чемпион атанып отыр.