Қазақстандық теннисші US Open-2025 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Федерацияның мәлімдеуінше, екінші матчта ол аустралиялық Тристан Скулкейтті жеңді.

Ойын 6:3, 6:3, 6:3 есеппен аяқталды. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді және 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.