Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия чемпионатында төрелік етеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Азия үстел теннисі Одағының төрешілері және төрешілер комитеті халықаралық санаттағы судья Тимур Ходжаевтың (Қарағанды) кандидатурасын бекіткен және ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына төрелік етеді. 

Тимур Ходжаев «TTF Grand Finals Astana 2017» ширек финалының, «ITTF Kazakhstan International Open Karaganda 2021», «WTT Contender Almaty 2022», «WТТ Youth Contender Linz 2023» финалдық ойындарының жетекші төрешісі, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының ұйымдастыру комитетінің директоры.

Қазіргі уақытта Тимур Ходжаев «Blue Badgein Progress» аралық төрешілер санатына ие.