Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ауыр атлетикадан жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы Едіге Емберді өзінің еркін болмысымен де көпке танымал. Сондай-ақ, ол эмоцияларын да ашық көрсетуден қысылмайтын спортшы.
Ол “Pluste Bol” YouTube арнасына берген сұхбатында өзінің харизмасын сынайтындарға жауап берді.
”Қазақтарда спортшының кейбір қылықтарына көз үйренбеген. Пікірлерді оқысам, “мына бала шошақай екен, бұндай тірлік қазаққа жараспайды” деп жатады. Қазақтар өзімізді өзіміз басамыз. Сол жағы қынжылтады. Ешкімге еліктемеймін. Өзім көренменнің қызығып қарағанын жақсы көремін. Адреналин болса, жарысқа деген шабыт, күш береді. Тұйық біреу шығып, көтеріп кетіп қалса, қызық емес қой. Медальдің дәмі де болмайды. Мен есте қалатындай нәрсе, “ауыр атлетиканы осыған бола көремін” деген секілді дүние болғанын қалаймын”, - дейді ол.
Сондай-ақ, ауыр атлет келер жылдан бастап 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететінін де жасырмады.
”Бұлшық еттерді көбейтіп, келер жылдан бастап 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетемін. Тамыз айына дейін салмақ 88 келі болады. Сөйтіп, бұлшық ет қылып, нық етіп 85-ке дайындаламыз”, - дейді ол.